«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Мұғалімдер жатақханасы – жайлы мекен

0 20

Қала әкімі жаңадан салынған жатақханаларда тұрып жатқан мұғалімдердің жағдайын көрді.

Қала әкімі жаңа жатақханада тұратын ұстаздармен кездесті. Жас мұғалімдердің өмір сүруіне арналған ыңғайлы орталық жақында ашылған болатын. 350 орынға есептелген орталықта шахмат, үстел теннисі залы, кітап­хана, асхана және оқу сыныптары бар. Кездесу барысында мұғалімдер елорда әкімінен 17 мың теңгені құрайтын жалға беру құнын төмендетуді сұрады. Елорда әкімі бұл ұсынысты қолдайтынын жеткізді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды