«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Мүгедек балалардың ­мүмкіндігі

Керек кеңес

0 32

Елорда әкімдігінің басымдылық берілген міндеттерінің бірі – мүгедек балаларды асырап отырған отбасыларға көмек көрсету. Мұндай отбасыларды мемлекет қандай жеңілдіктермен қамтамасыз етеді және олардың ата-аналарының, қамқоршыларының, асыраушыларының құқығы қандай – бүгінгі «Керек кеңес» осы тақырыпқа арналған.

Мүгедек балаларды асырап отырған ата-аналарға, қамқоршыларға, асыраушыларға баланы күту бойынша жәрдемақы белгіленеді. Аталған жәрдемақы өтініш түсірілген күннен бастап белгіленеді. Сондай-ақ 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа жәрдемақы түрі енгізілді – бала күнінен І топ мүгедектерін асырағаны үшін жәрдемақы.

Жасы бойынша зейнетақы

«Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» ҚР заңына сәйкес, мүгедек балалардың аналары 58 жасқа толғанда зейнеткерлікке шығуға құқылы.
Бес және одан көп бала тапқан және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеп өсірген аналарға одан ерте жаста, яғни 53 жасқа толғаннан бастап зейнеткерлік тағайындалады.
Бұл жағдайда оларға зейнетақы тағайындау үшін жеңілдіктер белгіленеді, оған есептелетін:
• жұмыс істемейтін аналардың әр бала үш жасқа толғанға дейін кәмелетке толмаған балаларды күту уақыты, жалпы алғанда, 12 жасқа дейін;
• атом сынақтары, экологиялық апаттар салдарынан немесе иммун тапшылығы вирусын жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауырған мүгедек балаларды 16 жасқа дейін баққан уақыты;
• I топтағы мүгедектерді баққан уақыты.
Азаматтардың басқа санаттарына, оның ішінде мүгедек балалардың аналарына зейнетақы жасын төмендету қарастырылмаған.

Сауықтыру

«ҚР-да мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңға сәйкес, сауықтыру әлеуетіне сай, әрбір мүгедекке медициналық, әлеуметтік және кәсіби тұрғыдан сауықтырудың жекелеген бағдарламасы жасалады.
Сауықтырудың жекелеген бағдарламасына сәйкес, мүгедектер жергілікті бюджет қаржысы арқылы әлеуметтік қолдаудың қосымша түрлерімен қамтамасыз етіледі (мүгедектер арбасымен, протез-ортопедиялық бұйымдармен, тифлотехникалық және сурдотехникалық, міндетті гигиеналық құралдармен, санаториялық-курорттық еммен, жеке көмекші қызметімен, жест тілі маманымен).

Білім алудағы жеңілдіктер

I және II топтағы мүгедектер мен мүгедек балалар үшін орта кәсіби және жоғары кәсіби білім беретін білім беру мекемелеріне оқуға түсу үшін 0,5 пайыз мөлшерінде квота қарас­тырылған.
Мемлекеттік тапсырыс немесе грант бо­йынша орта кәсіби және жоғары кәсіби білім беретін білім беру мекемелерінде оқитын мүгедектерге шәкіртақымен қамтамасыз ету бойынша жеңілдіктер беріледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды