«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Монте-Карло қол соқты

0 21

Монте-Карлода өткен цирк өнерінің халықаралық фестиваліне қатысып, «Сигвейдегі эквилибр» нөмірін көрсеткен Астаналық цирк әртістері Ёка Қоңырбаева мен Назерке Мерекеқызы арнайы сыйлықтың иегері атанды.

Монако князі Ренье III 1974 жылы негізін қалаған бұл фес­тиваль биыл қырық үшінші мәрте ұйымдастырылса, елордалық эквилибристер оған алғашқы рет қатысты. Биылғы шарада акробатика, сайқымазақтар, эквилибристика, сиқыршылық және аң үйрету сынды түрлі жанрларда әлемнің 15 мемлекетінің әртістері өнер көрсетті.
Өткен жылы Астананың 20 жылдығы аясында өткен «Азия жаңғырығы» фестивалінің қазылар алқасының құрамында Еуропалық цирк қауымдастығының президенті, Монте-Карло цирк фес­тивалінің вице-президенті Урс Пилс болды. Онда Ёка Қоңырбаева мен Назерке Мерекеқызының нөмірі үшінші орынды алды. Урс Пилс сол кезде олардың өнеріне тәнті болып, Монте-Карлоға шақыр­ды. Осылай астаналық әртістердің Монакоға сапары табысты аяқталды. «Сигвейдегі эквилибр» нөміріне Ержан Қоңырбаев жетекшілік еткенін айта кетейік.

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды