«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

МОҢҒОЛ БАЛУАНДАРЫ МЫҚТЫ БОЛДЫ

0 68

скачанные-файлы

Қазақ күресінен «Еуразия барысы» халықаралық турнирі мәресіне жетті. Әлемнің 12 елінен балуандар қатысқан байрақты бәсекеде Моңғолия балуандары жеңімпаз атанды.

Іріктеу сындарында Қытай және Тәжікстан құрамаларын 5:0, жартылай финалда Грузия командасын 4:1 есебімен тізе бүктірген жерлестеріміз финалда Моңғолия балуандарымен белдесті. Өкінішке қарай, құрамында Абзал Арыстанбеков, Қайрат Ағыбаев, Дәулетхан Жақыпов, Мұхит Тұрсынов және Айбек Нұғымаров секілді балуандары бар Қазақстан құрамасы 1:4 есебімен жеңіліс тапты. Үшінші орынды Грузия құрамасы иеленді.

Жеңімпаз командаға 50 мың, екінші орынға 30 мың, үшінші орынға 20 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы берілді.

 Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды