-->

МИНСКТЕ МЕРЕЙІ ТАСЫДЫ

28846-6-predposlednii_ryvok_un_ru-asli

Минск қаласында мәресіне жеткен шорт-тректен Әлем кубогында қазақстандықтар ерлер арасындағы 5 мың метрлік эстафетада үздік үштікке енді.

Әлем кубогының қоры­тынды кезеңінде Қазақстан ұлттық құрамасында Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Айдар Бекжанов және Денис Никиша өнер көрсетті. Командалық жарыста бәрінен голлан­диялықтар жүйрік шықты. Одан кейінгі орында – ресейліктер. Ал отандастарымыз қола медальға қол жеткізді.
Жалпы, Минскте өткен бұл дода біздің шорт-трек­шілер үшін сәтті өтті. 1 000 метр қашықтықта Нұр­берген Жұмағазиев екі рет қола жүлдегер атанды.
Қорытынды кезеңде қор­­жынымыз қомпая түсті. Денис Никиша 500 метр қашықтықта алтыннан алқа тақты. Ол бұл межені 41.219 секундта бағындырды.
Оның ізін ала 41.436 се­кундта келген Абзал Әжі­ғалиев күміс жүлдені ие­ленді. Ал үштікті 41.473 уақыт көрсеткішімен ка­надалық Франсуа Амлен түйіндеді.

Орынбек  ӨТЕМҰРАТ

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*