«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Міндетті медициналық сақтандыру туралы

0 23

Алдағы жылы Міндетті әлеу­меттік медициналық сақтандырудың ұлттық бағдарламасы басталады. Бүгін «Керек кеңес» айдарында МӘМС бойынша ең өзекті сұрақтарға жауап береміз. 2020 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс беруші медициналық сақтандыру қорына есептелген кірістің 1 пайызын сіздің жалақыңыздан ұстап, аударуды бастайды (2022 жылдан бастап – 2 пайыз). Шегерімдер үшін ең төменгі 10 жалақының 1 па­йызы құралады. Жұмыс беруші қызметкерлерге аударым жасауды жалғастырады: 2020-2021 жылдары – 2 пайыз, 2022 жылы – 3 пайыз.Медициналық сақтандыруға не үшін төлеу керек?

Медициналық сақтандыру төлемдерін аудару медициналық қызметтердің сақталуына құқық береді. Яғни ол – тегін қызметтер. Сондықтан сақтандыруы бар адамдар тексеру мен емделуге кететін шығындары туралы алаңдамауына болады. Сақтандыруы жоқ адамдармен салыс­тырғанда сақтандыруы бар адамдарға медициналық көмек көбірек қолжетімді. Бірақ ештеңе төлемейтіндер де медициналық көмексіз қалмайды. Олар учаскелік терапевтке барып, тексеруден өтіп, бірқатар ауыр сырқаттарды емдей алады. Барлық жедел медициналық көмек ақысыз көрсетіледі.

Мемлекет кімге төлейді?

Заңға сәйкес, елдің барлық жұмыс істейтін тұрғындарының кірістері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бойынша алынады. Ағымдағы жылы жұмысшылар жалақысының 1,5 пайызын тек жұмыс берушілер шегереді. Адамның мемлекеттік құрылымда немесе жеке кәсіпкерде жұмыс істейтіні маңызды емес. Жұмыс беруші бұл төлемдерді өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті.
Медициналық сақтандыру заңмен енгізіледі. Салық міндеттемелерін орындау негізінде жұмыс берушілердің, кәсіпкерлердің және жеке кәсіппен айналысатын тұлғалардың қызметін Мемлекеттік кіріс департаменті қадағалайды. Кешіктіріп төлегені үшін айыппұл төлейді, қасақана төлемеушілердің шоты бұғатталады.

Кім өзі төлейді?

2020 жылдан бастап жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының иелері (жеке заңгерлер, сот орындаушылары) жергілікті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне ай сайын ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінен 5 пайыз мөлшерінде аударады. Ағымдағы жылы жарна 2975 теңгені құрайды.
Ең төменгі жалақы жылдан-жылға өзгеріп отыратындықтан, 2020 жылы жарна мөлшері әртүрлі болуы мүмкін.
Қалған барлық тұрғындар (өздігінен төлеушілер) медициналық сақтандыру үшін ең төменгі жалақының 5 пайыз мөлшерінде төлей алады. 2019 жылғы бағамен – 2125 теңге.
Тұрақты кірісі немесе ресми еңбек шарты болмаса да медициналық сақтандыруға қатыса алады. Бұл мүмкіндік өзін-өзі жұмыспен қамтыған қазақстандықтарға, яғни жеке тұлғаларға қызмет көрсететін адамдарға берілді. Өз бетінше еңбек етушілер бірыңғай жиынтық төлем жасай алады. Ең аз шегерімдер үшін (0,5-1 АЕК) азамат зейнетақы (оның еңбек өтілі болады), әлеуметтік және медициналық сақтандыру сияқты бірден үш әлеуметтік жүйенің мүшесі болады. ӨСП төлемін 2020 жылы кемінде қатарынан үш айға төлеу медициналық сақтандыру қызметінің пакетіне жол ашады.

Жадыра МҰРАТБЕКОВА

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды