«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Мерекелік марапат

0 31

Президенттің Жарлы­ғымен Қазақстан Республикасының және оның астанасының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды көтермелеу мақ­сатында, сондай-ақ Астана қа­ласының 20 жылдығы құрметіне «Астанаға – 20 жыл» мерекелік медалімен елорда Қоғамдық кеңесі мүшелері марапатталды. Оны «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалының төрағасы Сансызбай Есілов табыс етті.


Елорданың қалыптасуында өзіндік қолтаңбасы қалған бірқатар азаматтар атаулы марапатқа ие болды. Олардың қатарында Төлеген Қуанышев, Сәрсенбай Мыңбаев, Төлеуғазы Нұркенов, Мейрамбай Оралов сынды ардагерлер бар. Осындай марапатқа мүгедек балаларды қолдауда, осы жолда астаналықтардың ізгі ниеті мен белсенділігін арттыруға үлес қосып жүрген абзал жан Қамқа Жасанова да ие болды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды