«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Мерейтойға мәслихаттың үлесі

0 64

Қалалық мәслихат депутаттары Астананың 20 жылдық мерейтойына қаланың сәулет стиліне сай келетін шыныдан жасалған атаулы орындықтар тарту етті. Бұл орындықтар барлық аудандарда орнатылды.

«Елорданың болашағына бейжай қарамайтын адамдар шаһарға атаулы орындықтар сыйлауды дәстүрге айналдырған. Бүгіндері әртүрлі пішіндегі осындай ондаған орындықтар айналасының көркін аша түскен. Бұл үрдістен мәслихат депутаттары да сырт қалмай, сүйікті қаламыздың мерейто­йына сый жасап отыр. Астана жылдан-жылға қар­қынды дамып келе жатыр. Инфра­құ­ры­­лым жақсарып, қала ажарланып келеді. Шаһар тұрғындары мен қо­нақтарының демалуына арналған мұндай орындықтар баршаны қуантады деген ойдамыз. Қаланың әр тұрғыны бұл жасампаз жобаға үлесін қоса алады» дейді қалалық мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов.
Адамдар көп жүретін жерлерде ор­натылған атаулы орындықтар қала тұр­ғындары мен қонақтарының көңілі­нен шығып отыр. Олар Сарыарқа ауда­нындағы халық жиі серуендей­тін «Арбатта», Алматы ауданындағы Жала­йыри көшесіндегі гүлбақта, Байқоңыр ауданындағы Жас­тар сарайының алдында, Есіл ау­данындағы «Астана-Бәйтерек» мо­нументі алаңында орын тепті.
Атаулы орындықтарды Астана қаласымен бірге биыл 20 жылдығын атап өтетін «АЛКОН+» ЖШС жасап шықты. Олар «триплекс» аталатын сынбайтын шыныдан жасалды, қандай соққыға да төтеп береді. Бұған қоса, орындықтарға QR-коды таңбаланды. Сондағы сілтеме арқылы қалалық мәслихаттың сайты мен Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына өтуге болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды