«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Мерейлі кездесу

0 16

Астананың 20 жылдығына және Қазақстан Президентінің туған күніне орай кездесу өтті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен және елорданың мерейтойымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің төрағалары, Премьер-министр, Мемлекеттік хатшы, Президент Әкімшілігінің Басшысы, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, Президент Әкімшілігінің басшылық құрамы, орталық мемлекеттік органдардың басшылары және Астана қаласының әкімі құттықтады.
Нұрсұлтан Назарбаевқа «Астанаға – 20 жыл» мерейтойлық медалі салтанатты жағдайда тапсырылды. Шараға қатысушылар Қазақстан Президентіне зор денсаулық, бақыт және жауапты қызметте жаңа табыс тіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды