«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Мемлекеттік жәрдемақы көлемі өседі

0 13

Төртінші және одан кейінгі балаларын туған аналарға бір рет төленетін мемлекеттік жәрдемақы көлемі 159 075 теңгеге өседі. Бұл жаңалықты кеше елордадағы №81 дарынды балаларға арналған Astana English school гимназиясында өткен кездесуде қалалық мәслихат депутаты Рамзия Өмірбаева жария етті.

«Бірінші, екінші және үшінші бала туғанда қазір берілетін бір реттік мемлекеттік жәрдемақы көлемі 95 950 теңгені құрайды. Ал төртінші және одан кейінгі балаларын туған аналарға бір рет төленетін мемлекеттік жәрдемақы көлемі 159 075 теңгеге көбейеді» деп түсіндірді мәслихат депутаты.
Ол сондай-ақ 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап білім беру және денсаулық сақтау саласындағы төмен жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысы 30 пайызға ұлғаятынын хабарлады. Атап айтқанда, балабақша тәрбиешілерінің, олардың көмекшілерінің, интернат тәрбие­шілерінің, әдіскерлердің, балабақша және колледждегі әлеуметтік сала қыз­мет­керлерінің, психологтардың, кітап­ханашылардың, вожатыйлардың, есеп­шілердің, іс жүргізуші мамандардың, техни­калық қызметкерлердің жалақысы өседі.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды