Четверг, 17 Август 2017
-->

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНАДА ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «РӘМІЗДЕР –ТӘУЕЛСІЗДІК БЕЛГІСІ» АТТЫ ШАРА ӨТТІ. ОҒАН КІТАПХАНА ОҚЫРМАНДАРЫ МЕН ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ҚАТЫСТЫ.
Аталмыш шарада патриоттық бағыттағы әндер шырқалып, өлеңдер оқылды.
«Ел рәміздері – Тәуелсіздік айғағы» кітап және мерзімді баспасөз көрмесі арқылы оқырмандар Мемлекеттік рәміздер тарихымен, олардың авторларымен танысты. Шараның қорытындысында қатысушыларға шағын сауалнама ұйымдастырылды.
«Шараның атауын «Рәміздер – Тә­уелсіздік белгісі» деп қойдық. Биыл Мемлекеттік рәміздерімізге 25 жыл толды. Бұл – үлкен мереке. Әрқайсымыз рәміздерді құрметтеп, қастерлеуіміз керек. Өскелең ұрпақтың бойына да оның дәнін себуге тиістіміз. Осы шараның басты мақсаты да сол, себебі рәмізіне деген махаббаты жоқ адамның туған Отанына да махаббаты болмайды» дейді кітапхана қызметкері Шынар Үстенбекова.

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*