«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Мемлекеттік қызметшінің әдеп қағидалары

0 36

Жеке тұлғалар мемлекеттік қызметке орналасқан уақытта  бірқатар міндеттер жүктеледі. Яғни, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақытындағы негізгі мінез-құлық қағидалары қарастырылады.

Мемлекеттік қызметші жан-жақты дамыған тұлға болуы тиіс, үнемі салауатты өмір салты мен отбасы құндылықтарын ұстануы қажет. Ол өз кезегінде мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлық мәселелерінің маңыздылығын меңзейді. Кез келген мемлекеттік қызметшінің моральдық адамгершілік қасиеттері, әдептілігі мен кәсібилігі аса маңызды.

«Қазақстан – 2050» стратегиялық құжатта мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі ретінде жоғары этика мен кәсібилік танылған. Мемлекеттік қызметші бірінші кезекті өзінің  мінез-құлық нормаларына, әріптестерімен өзара қарым-қатынастарына назар аударуы қажет. Халыққа сапалы қызмет көрсету, жұмысты ұйымдастыру, халықтың туындаған сұрақтарын жедел шешу мемлекеттік қызметшінің міндеттерінің бір бөлігі ғана.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізу қағидаттар негізінде көрсетілетінін атап өткен жөн.

Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызмет барысында негізінен белгіленген әдептілік нормаларын қолдануы, сондай-ақ өз іс-әрекеттеріне жауапкершілік алуы қажет.

Мемлекеттік қызмет түрін тұтынушы азаматтармен өзара қарым-қатынас тиімді мемлекеттік аппараттардың негізгі өлшемдерінің бірі болып табылатындықтан, мемлекеттік қызметшілер әр кез жоғары стандартты көрсеткіштерге сай, адалдық, әділдік және ашықтықты басшылыққа ала отырып,  сапалы қызмет көрсетуге талпынуы тиіс.

Кәсіби қызмет көрсету барысында кез-келген мемлекеттік қызметші азаматтармен қарым-қатынас жасауда ойын тиянақты баяндауға, адам сөзін бөлмей, ізгі ниет пен қажетті көмек көрсетуі қажет.
Яғни, мемлекеттік қызметші қандай мәселе туындамаған жағдайда сабырлық, сыпайылық танытып, сұрақтарды мұқият тыңдап, құрмет көрсетуге, толық консультация беруі маңызды.

Ал, осы қызметшілер атына шағым түскен жағдайда, мәселе зерделеніп тиісті тәртіптік шаралар қабылданады.

 

Гүлнұр ТЛЕУКЕНОВА,
Астана қаласы бойынша Соттар
әкімшісінің Әдеп жөніндегі уәкілі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды