«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Мемлекеттік қордан кімдер үй алады?

Керек кеңес

0 30

Бұл құқыққа ие санаттар қатарына мыналар жатады:

• Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
• Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар;
• Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары;
• Мемлекеттік қызметкерлер;
• Бюджеттік мекемелердің қызметкерлері;
• Әскери қызметкерлер;
• Ұшқыштар, ұшқыш болуға үміткерлер;
• Арнайы мемлекеттік орган қызметкерлері;
• Жалғыз үй-жайы апатты жағдайда деп танылған азаматтар.

Қандай жағдайда тұрғын үй алуға кезектен шығаруы мүмкін?

• Егер мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алуға негіздемелер сәйкес келмесе;
• Басқа елді мекенге тұрақты түрде тұру мақсатында көшіп кетсе;
• Азамат пен мемлекеттік мекеме арасындағы еңбек келісімшарты тоқтаса;
• Азаматтың мемлекеттік қордан үй алу үшін тапсырған құжаттары жалған болып шықса;
• Өз үйінің құрылысы біткен жағдайда немесе басқа үй сатып алса, ол азамат кезектен шығарылады.

Үй алуға кезекке тұру үшін қандай құжаттар керек?

• Кезекке тұруға өтініш;
• Жеке басты куәландыратын құжат;
• Халықтың әлеуметтік әлсіз топтары (жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен мүгедек балалардан басқа) отбасындағы әр мүше үшін соңғы он екі айдағы табыс көлемі туралы анықтама;
• Некеге тұру немесе ажырасу туралы, жұбайының қаза тапқаны туралы, балалардың туу туралы куәліктері;
• Өтініш берушінің ҚР Тұрғын үй қатынастары туралы заңының 67-бабында көрсетілген санатқа жататынын растайтын құжаттар;
• Мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік мекеме қызметкерлері, әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлері үшін жұмыс орны туралы анықтама;
• Жалғыз үй-жайы апаттық деп танылған азаматтар үшін осы қорытындыны растайтын құжат;
• Азаматтың астанада кемінде үш жылдан бері тұрып келе жатқанын растайтын құжат (уақытша тіркеуде тұрған азаматтар үй алуға кезекке құжат тапсыра алмайды).

Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына кімдер жатады?

• Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген азаматтар;
• Мүгедек балалары бар отбасылар;
• Кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрімен ауыратын азаматтар;
• Зейнет жасындағылар;
• Көпбалалы отбасылар;
• Толық емес отбасылар;
• І және ІІ топ мүгедектері;
• Оралмандар;
• Экологиялық апаттар, техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде үй-жайы­нан айырылғандар;
• Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті өтеу, ғарыш кеңістігіне ұшу немесе соған дайындық, адам өмірін құтқару, құқықтық тәртіпті қорғау кездерінде қаза тапқан азаматтардың отбасылары;

Үй алуға кезекке тұру үшін құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы немесе сондай-ақ www.egov.kz  электронды үкімет арқылы тапсыруға болады. Барлық қажетті мәліметті Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты Тұрғын үй қорының www.zhilfond.kz сайтынан біле аласыздар.

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

Құрылыс учаскесінің бастығы (жалақысы 180 000 тг-ден бастап)
Талаптар: техникалық саладағы жоғары білім, кемінде 1 жылдық жұмыс өтілі, толық жұмыс күні
Міндеттер: нысандағы құрылысты координациялау, отырыстарға қатысу, жоспарлау
«Кен-Тал и К» ЖШС

Жүк тиеп-түсіруші (жалақысы 100 000 тг-ден бастап)
Талаптар: жалпы орта білім, толық жұмыс күні
Міндеттер: теміржол вагондарына жүк ­тиеп-түсіру
«Sapa Logistics» ЖШС

Геодезист (жалақысы 150 000 тг-ден бастап)
Талаптар: техникалық саладағы жоғары білім, құрылыста кемінде 1 жылдық жұмыс өтілі, толық жұмыс күні
«Кен-Тал и К» ЖШС

Маршруттық автобус жүргізушісі (жалақысы 200 000 тг-ден бастап)
Талаптар: кәсіби орта білім, жүргізушілік бо­йынша кемінде 3 жылдық жұмыс өтілі
№1 автобус паркі

Сыртқы құбыржолдарды монтаждаушы (жалақысы 100 000 тг-ден бастап)
Талаптар: техникалық саладағы жоғары немесе орта білім, кемінде 1 жылдық жұмыс өтілі
Міндеттері: Монтаж/демонтаж жұмыстарын жүргізу
«Су Құрылыс KZ» ЖШС

Балабақша тәрбиешісі
Талаптар: жоғары білім, кемінде 3 жылдық жұмыс өтілі
№95 «Алматы» балабақшасы

Бренд-менеджер (жалақысы 80 000 тг-ден бастап)
Талаптар: орта білім
Міндеттер: жарнамалық өнімдер дизайнын жасау, олардың тиімділігін бақылау
«Industrial Innovation Group» ЖШС

Сатушы-кеңесші (жалақысы 100 000 тг-ден бастап)
Талаптар: орта білім, кемінде 1 жылдық жұмыс өтілі
«Астана жиһаз фабрикасы» ЖШС

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды