«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Мектептер мәселесі – әкім назарында

0 14

Елорда әкімі Алтай Көлгінов кеше таңертеңгілік аралау кезінде №28 «Жұлдыз» санаториялық балабақшасы мен №64 мектеп-лицейіне барды. Қала басшысы мектеп ауласының іші ғана абаттандырылғанын, ал сыртындағы жолдарға асфальт төселмей, ойлы-шұңқыр болып жатқанын көріп, суық түспей тұрып асфальттау қажетті­гін тап­сырды.

№64 мектеп-лицейдің жаңа ғимараты пайдалануға берілгеннен кейін 460 оқушының орын мәселесі шешіледі. Бұл мектепте орын жетіспеу мәселесін айтарлықтай жеңілдетеді. Ғимаратта кабинеттерден басқа спорт зал және акт залы, асхана бар. Объект келер жылы пайдалануға берілді деп жоспарланған болатын, бірақ құрылыстың қарқынды жүргізілуіне байланыс­ты мерзімінен бұрын пайдалануға берілмек. Сонымен қатар қала әкімі үш ауысым бойынша оқытатын 8 мектеп жөнінде жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді тапсырды.
Қазір бас қалада 108 мектеп бар. Алдағы бес жыл ішінде 40 білім беру нысанын салу жоспарланған. Сондай-ақ жеке инвесторлар 13 оқу орнын салуға өтініш беріп отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды