«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Мектептегі экологиялық мәдениет

0 39

Қазір қала мектептерінде «Eco-Challenge» байқауы кеңінен аталып өтуде. Берері мол шара оқушылардың экология­лық санасын түбегейлі өзгертуді көздейді.

 


Мәселен, №73 мектепте «Экологиялық қозғалыс» акциясына тек қана оқу­шылар емес, ата-аналар да белсенді қатысуда. Мек­тепте 10 тонна қағаз қал­дығы жиналып, республи­ка бойын­ша 2-орынды ие­лен­ген. Ал ата-аналар 4 тонна тұр­мыстық техника жинап, қо­қысты бөліп жинаудың үлгісін көрсетіп келеді. Мұғалімдер болса, барлық пәндер бойынша экология­лық тақырыпты қамтитын жиынтық бағалау құралдарын жасады.
«Мектебімізде STEM зертханасы бар. Бізге ар­найы зертханасы ашып бер­гені үшін мектеп бас­шы­лығы мен ата-аналарға алғысымыз шексіз. Себебі сол STEM зерт­хана мекте­біміздің инновациялық технопаркіне айналды. Біз экологиялық қауіпсіздік мәселесіне инженерлік шешімдер ұсындық» дейді «Мектептегі энергия­ны үнемдеу» жобасының авторы, мектеп оқушысы Жақсен Серікұлы. Оның айтуынша, биыл мектепте энергияны үнемдеу жобасы әзірленген. Олар қуат көздерін тұтыну бойынша есеп жүргізіп қана қоймай, қозғалыс датчиктерінің және бақылау­шы бағдарлама көмегімен энергияны үнемдеудің тиімді алгоритмін құрған. Жақын арада аталған тех­­нологияны мектепке ен­гізуді жоспарлап отыр. Тіпті, басқа оқу орындары да бұл технологияны қолданады деп үміттенеді.


«Адамдардың денсаулы­ғы – бұл ең алдымен эколо­гиялық дұрыс тамақтану. Сондықтан биыл осы ба­ғыт­та ғылыми-зерттеу жә­не конструкторлық жұ­мыс­­тар жүргізе бастадым. Осы­лайша, инновациялық смарт жылыжай дүниеге келді. Аталмыш жобаға бү­кіл әлем бойынша белсенді ен­гізіліп жатқан соң­ғы технологияларды қол­дандым. Болашақта өз жобам аясында тұрғындарды жыл бойы балғын көкөністермен қамтамасыз еткім келеді» дейді «Ақылды жылыжай» жобасының жетекшісі Арыс­танбек Тілеу­ғалиев.
Мектеп оқушыларының сөзіне сүйенсек, «Целлофаннан бас тарту» жобасын ата-аналармен бірге қолға алған. Оқушылар кәдімгі целлофан қалтаны қолданыстан ығыстыру үшін зығырдан эко-қалта тігіп, оның 520 данасын ата-­аналарға сатқан. Қазіргі уақытта аталмыш эко-қалтаға жан-жақтан тапсырыс түсіп жатыр екен. Жақында ғана өткен респуб­ликалық «Климаттық қобдиша» байқауына арнап арнайы 150 дана қалта тігіпті.
Міне, экологиялық тұр­ғыдан сауатты өмір сүру қиын емес екенін қаршадай оқу­шылар дәлелдеп келеді. Қаламызда жастардың эко­логиялық мәдениетінің қа­лыптасып келе жатқаны бізді де қуантады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды