-->

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы биыл да 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтті. «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен өткізілген қайырымдылық шарасы аясында Астана қаласы бойынша жалпы 6922 балаға 75 326 598 теңге шамасында көмек көрсетілді.

Жаңа оқу жылына дайындық кезінде әлеуметтік себептеріне байланысты мектепке бара алмайтын балалар баршылық. Көпбалалы отбасылардың балалары мен жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық және басқа да көмек көрсететін ауқымды шара осымен тоғызыншы рет өткізілді. Осы уақыт аралығында жалпы 48 мыңнан астам балаға 435 млн теңге көлемінде заттай көмек көрсетілді. Демеушілер мен қайырымдылық қорларының ықпалымен 223 млн 188 мың теңге көлемінде қайырымдылық жасалды.
Жоба аясында бірнеше рет мектеп жәрмеңкесі ұйымдас­тырылып, онда мектеп формасы, оқулықтар, балаларға арналған түрлі бағыттағы танымдық кітаптар, сөмкелер, кеңсе заттары, мектепке арналған аяқ киім мен күр­те­шелер, басқа да қажетті құрал-
жабдықтар мен киімдер тө­мен­детілген бағалармен сатылды. 10 мыңнан астам адам қатысқан жәрмеңкеге «Фортуна», «Казлегпром-Алматы», «Sens fashion», Қарағанды қаласы аяқ киім фабрикасы және Астана, Қарағанды, Петропавл, Шымкент және Теміртау қалаларының 30-дан астам кәсіпкерлері белсене қатысты.
«Білім алғым келеді» шарасы барысында алты кәмелетке толмаған балалар мектепке орналастырылды. Екі ай бойы жүргізілген қайырымдылық акциясына белсене қатысып, балаларға жақсылық жасаған Билайн компаниясы, Цеснабанк, Сбербанк, Казком, Кәсіпкерлер палатасы, Халық банк, «Отан» ЖШС мектеп формасы өндірушілері, Radisson және Park Inn қонақүйінің өкілдері марапатталды.

Гүлжан РАХМАН

Жауап қалдыру

Сіздің email-адресіңіз жарияланбайды.Қажетті өрістер таңбаланған *

*