«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Масленица мерекесі

0 14

Елордадағы Достық үйінде қалалық Қазақстан халқы ассамблеясының қол­дауымен славян халықтарының дәстүрлі Масленица мерекесі аталып өтті.

Масленица – қыспен қоштасып, көк­темді қарсы алу мерекесі. Дәстүр бойынша масленицада құймақ пісіріліп, араздасқан адамдар болса, бір-бірінен кешірім сұрап жатады.
Мерекелік жиынға «Лад» респуб­ли­калық славян қозғалысының астаналық филиалы, «Злата» болгар этномәдени ор­талығы, «Радима» белорус мәдени ор­талығы, «Союз казаков степного края» қоғамдық бірлестігі және «Тан» татар-башқұрт мәдени орталығының өкілдері қатысты.
Мерекелік шара барысында жәрмеңке, шығармашылық ұжымдардың қаты­суымен мерекелік концерт, ойын-сауық, конкурстар мен жарыстар, дәстүрлі тағам таратылуы ұйымдастырылды. Шара соңында Достық үйі маңында сабан қуыршағын салтанатты түрде өртеу рәсімі өткізілді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды