Суббота, 19 Август 2017
-->

Мәскеуде жеңіске жетті

photo_89839-asli

Бокстан WSB сериясының кезекті чемпионаты басталды. «Астана арландары» бірінші жекпе-жегін Мәскеуде өткізіп, жаңа маусымды жеңіспен бастады. 

«Patriot Russian Boxing Team» командасымен болған айқаста жерлестеріміз 3:2 есебімен жеңіске жетті. Ең жеңіл салмақта сынға түскен Теміртас Жүсіпов ұпай санымен Ботор Сагалуевқа жол беріп қойды. Есесіне 56 келі салмақта шаршы алаң иесі Артем Хотеновқа қарсы тұрған Ілияс Сүлейменов қарсыласын айқын басымдылықпен тізе бүктірді. Төрешілер астаналық боксшының мықтылығын бірауыздан мойындады. 64 келі салмақта ресейлік Радмир Абдурахманов біздің Ділмұрат Мажитовтан айласын асырып кетті. 75 келі салмақта сынға түскен Әбілхан Аманқұл да ерледі. Ол қарсыласы Раджаб Раджабовты төртінші раундта есінен тандырып, таразы басын теңестірді. Ал шешуші жекпе-жекте Антон Пинчук жеңіске деген жігерін танытты десе болады. Ол өте тартысты өткен айқаста ұпай санымен жеңіске жетіп, өз командасына бірінші жеңісті әкелді.
«Астана арландары» өз тобында Ресей, Қытай және Өзбекстан боксшыларымен қолғап түйістіретін болады.

Ғалым  ҚОЖАБЕКОВ

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*