«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Мас жүргізушіге жаза қатаң

0 37

Астанада жергілікті полиция қызметі өткен аптада «Мас жүргізуші – қылмыс­кер» атты рейд жүргізді.

Жол сақшылары мас күйінде көлік жүргізгендерді анықтау үшін ойын-­сауық орталықтары, дәмхана және өзге де қоғамдық орындардың маңын жіті назарда ұстады.
– Егер тәртіп сақшысы жүргізушінің мас күйде отырғанын байқаса, ең алдымен көліктен түсіріп, Наркология­лық диспансерге алып барады. Ал егер ішімдік ішкені анықталар болса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың 608-бабы бойынша іс қозғалып, көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге шеттетіледі, – дейді Астана қаласы патрульдік полиция полкі қызметінің инспекторы Астемир Бектаев.
Бұл істің жаңа жыл мерекесі күндері ұйымдастырылуының да өзіндік орны бар. Алғашқы екі күннің ішінде 180-ге жуық құқық бұзушылық анықталған. Ал оның ішінде 18 жүргізуші көлігін мас күйде жүргізген. Сол сияқты 50-ден аса көлік иесі жол белгілерін өрескел түрде бұзып, ережелерді сақтамаған екен. Бұдан бөлек, 90-нан астамы көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, 10-ға жуығы тиісті құжатсыз жүргізіпті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды