«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Мәншүк келді елордаға

0 33

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Сондай-ақ, Елбасы «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Батыс Қазақстан облысы салған «Ақжайық» саябағын аралап көрді. Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысының жұртшылық өкілдерімен, елордадағы Сарыарқа ауданының тұрғындарымен және Мәншүк Мәметованың туыстарымен әңгімелесті.

Мемлекет басшысы «Өңірлердің Ас­танаға тартуы» жобасының елорданы әлеуметтік әрі мәдени тұрғыда дамыту ісіндегі маңыздылығын атап өтті. Саябақ аумағында Мәншүк Мәметованың ескерткіші, субұрқақ, 100 орындық амфитеатр, «Сиқырлы лабиринт» атты инсталляция, тақырыптық алаңдар, сондай-ақ баскетбол ойнауға және жүгіруге арналған алаңдар бар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды