«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Мансаптың тың моделі

0 100

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Тілеген Қаскин «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші бағытын іске асыру: Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» тақырыбында брифинг өткізді.

Жиында департамент басшысы еліміздегі мемлекеттік қызмет істері саласында жүргізіліп жатқан жаңашыл жұмыстар жайында ой өрбітті. Оның айтуынша, мемлекеттік қызметте өз ісінің кәнігі мамандары жұмыс істеуге тиіс, өйткені Президенттің саясатын халыққа жеткізетін солар және жүргізілетін реформалардың табысты іске асуы мемлекеттік қызметшілердің сапалы әрі тиімді қызметіне байланысты екендігін салмақтап өтті.
– Астанада барлығы 69 мемлекеттік орган жұмыс істейді, оның 32-сі – жергілікті атқарушы, 37-сі – аумақтық бөлімше. Қалада мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін 4000-ға тарта адам бар. Олардың басым бөлігі – жоғары білім алған, халықаралық бағдарламалардың түлектері. Мемлекеттік қызметшілердің 60 пайызы – әйелдер. Жалпы, мемле­кеттік қызметшілердің басым бөлігін, яғни 37 пайызын 29 жасқа толмаған жастар құрайды. Мемлекеттік қызметтегі орташа қызмет өтілі – 9 жыл, ал қызметшілердің орташа жасы 33-ті құрайды. Сонымен бірге, меритократия қағидасы бойынша жаңа мансап моделі бар, ол ашық байқауды іріктеуді қамтамасыз етуге, әрбір мемлекеттік қызметкердің тәжірибесі мен жетістігін ілгерілетуге бағытталған, – деді Тілеген Қаскин.
Бринфиг барысында аталған департамент қызметінің негізгі мақсаттарының бірі – азаматтардың сенім деңгейін арттыру екендігі де айтылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды