«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ ЭКСКУРСИЯЛАРЫ

0 82

Астана қаласының Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қоры 6-17 сәуір аралығында Астана қаласының Жастар саясаты мәсе­лелері басқармасының қолдауымен Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы аясында қаланың өндірістік кәсіпорындарына еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарын насихаттауға арналған экскурсиялар ұйымдастыруда.

Экскурсиялар еңбек на­рығында сұранысқа ай­рықша ие мамандықтарды кеңінен түсіндіріп, жас­тарға мамандық таңдауға көмектесу, ақпараттық бағыт-бағдар беру мақса­тында өндірістік кәсіп­орындар мен жалпы білім беретін мектептерде өтуде.

Бұған дейін 6 сәуірде №59, №66, №17, №71 орта мектептердің екі жүзге тарта 9-11-сынып оқушысы «Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг» зауытында, 7 сәуірде №61, №25, №14, №15 орта мектептердің жүз 9-11-сынып оқушысы «Тұлпар Тальго» зауы­тында, 8 сәуірде «BІ Group» зауытында және 9 сәуірде «Целинный жеңсік тағамдар фабрикасында», 10 сәуірде «Astana Solar» зауытында болды.

Экскурсия 17 сәуірге дейін жалғасады.

Сағи ОРАЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды