«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

LRT құрылысын кім қаржыландырады?

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Үкіметтегі жиыннан кейін тілшілерге елордадағы жеңіл рельсті көліктің құрылысын аяқтауға қажетті қаражатқа қатысты мәселені түсіндіріп берді.

0 14

Құрылыстың жаңа инвесторы – Халық банк пен «Бәйтерек»
«Сіздерге бұған дейін мәлім болғанындай, қытайлық банктің қарызынан бас тарттық. Соның нәтижесінде, 800 миллион АҚШ долларын үнемдедік. Қазіргі кезде еліміздегі екінші деңгейдегі банктермен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Халық банкінен жылдық 3 пайызбен 500 миллион АҚШ долларын қарызға алуға келістік. Бұған қоса тағы 100 миллион АҚШ долларын «Бәйтерек» холдингінен аламыз. Биылға жоспарланған жұмыстарды бастауымызға бұл қаражат жеткілікті» деп мәлімдеді Алтай Көлгінов.
Қала басшысы LRT құрылысын жалғастыруға қатысты барлық нормативтік-құқықтық актілер үкіметтік және жергілікті деңгейде қабылданғанын айтты. Сонымен қатар әкім жуырда «Astana LRT» облигацияларының шығарылатынын жеткізді. «Осы рәсімдердің бәрінен өтуіміз керек. Сол себепті күн сайын бұл бағытта жұмыс атқарып жатырмыз. Оны жұмыс басталған күні өз көздеріңізбен көресіздер» деді елорда басшысы.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды