«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Лифтілер сапасын бағалады

0 17

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Ақмола облысының Қосшы ауылында орналасқан «AUXE» (Schneider Lift&Escalator) лифт құрылысы зауытында болды.

Компания лифтілер, эскалаторлар мен траволаторлар шығарады. Кәсіпорынның бас директоры Нариман Хабиб лифт құрылысы зауыты жылына 1000 лифт, 200 эскалатор жасап шығарады. Жыл басынан бері компания 200 лифт шығарды. Отандық компанияның лифтілері ЭКСПО нысандарында, «Көркем Астана» базарында, сауда орталықтарында, тұрғын үй кешендерінде, теміржол вокзалдарында, сондай-ақ Қазақстанның басқа да қалаларында орнатылған. Мәселен, өткен жылы елордада 500-ден аса лифт орнатылса, биыл 457 лифт пайдалануға берілген.
Елорда әкімі тұрғын үй кешендерін, білім беру, денсаулық сақтау нысандарын аралау барысында елорда әкімі құрылыс кезінде қазақстандық өндіріс материалдарын пайдалану қажеттігін, сонымен қатар отандық өндірушілерді қолдау қажеттігін атап өтті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды