«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Латын қарпінде шығатын жаңа басылым

0 90

Кеше Астанада «Til-Qazyna» атты жаңа латын әліпбиінде шығатын тұңғыш газеттің тұсауы кесілді.

Аталмыш басылым ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мұрындық болуымен жарық көрді.
– Елбасының 2025 жылға дейін латын қарпіне көшу жөніндегі тапсырмасына орай бірқатар істер атқарылып жатыр. Бұл басылым да соның бір парасы. Айына екі рет шығатын жаңа газетте тіл мәселесіне қатысты мақалалар мен танымдық материалдар жарияланатын болады, – деді таныстырылым барысында сөз сөйлеген Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Жиынға қатысқан бел­гілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері өткен ға­сыр­да латын әліпбиімен жа­рық көрген қазақ ба­сы­лымдарының тарихына да шолу жа­сады. Сондай-ақ жаңа газеттің алдағы жұ­мысына қа­тысты пікір­лер де ортаға салынды.

«Til-Qazyna» газеті латын негізді қазақ әліпбиін нәсихаттап, жаңа қазақ ем­лесінің ережелерін түсіндіруге бағыт­талған. Онда «Әліпби», «Рухани жаңғыру», «Кие», «Ғалам», «Емле», «Сарап» және «Таным» айдарлары арқылы жаңа әліпби туралы ақпарат, танымдық материалдар жарық көреді. Газет А3 форматында 8 беттен құралған. Бастапқыда айына екі рет 3 мың данамен шығару жоспарланып отыр. Сонымен қатар Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ресми сайтында газеттің электронды нұсқасы жарияланып, онлайн әзірленеді.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды