-->

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ҮЛКЕН МҮМКІНДІК

Бүгінгі таңда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: руxани жаңғыру» бағдарламасына орай насиxаттау, жүзеге асыру жұмыстар легі қарқынды жүріп жатыр. Осыған орай, 2017 жылдың 16 қыркүйек күні «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының мәжіліс залында Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев мырзамен белсенді жастардың кездесуі болып өтті.

Аталмыш шараға Ш.Ша­яхметов атындағы тілдерді дамыту орталығының директоры Ербол Тілешов, Астана қаласы өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов, «Жас Отан» жастар мәслиxатының депутаты Максадбек Абдужаббаров, ҚР өзбектерінің «Дустлик» қауымдас­тығы төрағасының орынбасарының Хасан Шарипов, Қазақ­стан халқы ассамблея­сы­ның өкілдері, өзбек
этномәдени орталығының белсенділері және «Жас Отан» ЖҚ белсенді жастары қатысты.
Кездесуде руxани жаң­ғыру мақаласы жан-жақты талқыланды. Заман талабына сай, Елбасы ұсынған латын қарпіне көшу жастардың ертеңгі болашағына зор әсер ететінін Мәжіліс депутаты тілге тиек етіп: «Ойдағы қателік сөздегі қателікті тудырады, сөздегі қателік істегі қателікті тудырады» демекші, латын қарпіне көшкенде ешбір қателікке жол бермеуіміз керек. Жалпы, латын әліпбиіне көшу мәселесі қазақ тілінің әлем тілдерімен теңесуіне, болашақ ұрпақ үшін мүмкіндіктер көкжиегіне бастап, жігерін ашады» деді Парламент Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев.

Айгүл УАЙСОВА

Жауап қалдыру

Сіздің email-адресіңіз жарияланбайды.Қажетті өрістер таңбаланған *

*