Вторник, 25 Июль 2017
-->

КҮНІ-ТҮНІ КІДІРМЕЙ…

Шаһар тұрғындарының игілігі үшін комму­налдық қызметтер мереке күндері де шаруасынан қол үзбеді. 

erm_0370

Қаланың тазалығына жауап­тылармен қоса, бұл күндері 1500 полиция қызметкері мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті қадағалады. Астана әкімі Әсет Исекешев әлеуметтік желі арқылы мереке күні жұмыс істеген қалалық қызмет мекемелерін аралап, іс барысымен танысқанын мәлімдеді. Жаңа жыл қарсаңында күні-түні бір тынбай, қалтқысыз жұмыс істеген қалалық қызмет мамандарына ризашылығын білдірген қалабасының айтуынша, демалыс күндері суды тұтыну күрт өсіп, көрсеткіші 25 пайызға дейін артқан.

Сондай-ақ, электр энергиясын пайдалану да едәуір көбейген.
Барлық қызметтер күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп, ешқандай іркіліс болмады. Жалпы су, кәріз, жарық, жылу және басқа да қызметтер бойынша кезекші бригадалар штаттық режимде жұмыс істеді. Қаланың тазалығына баса мән беріліп, түні бойы 1,5 мыңнан аса адам мен 300-ден астам техника қар жинау шаруасына жұмылдырылды.
Қазірдің өзінде ауа райының бұзылуына байланысты қалада қар күреу қарқыны бәсеңсімеді. Бұл шаруаға «Астана Тазалық» ЖШС-нен 376 арнайы техника тартылды. Сондай-ақ, 245 жұмыскер санитарлық тазалықпен айналысуда.
Астанада өткен жылдың 13 қазанынан 2017 жылдың 3 қаңтарына дейін 1 861 151 текше метр қар шығарылды. Осы уақыт аралығында 21 176 текше метр құм-тұз қоспасы мен 1 118,35 тонна «Айсмелт» реагенті себіліп, көктайғақты болдырмаудың амалы жасалды.
Елордада қазіргі ауа райы сақталып, бүгін көшпелі бұлт шығып, оқтын-оқтын қар жауады және сырғыма боран соғады. Термометр бағаны күндіз -6°С, түнде -8°С-ге дейін көрсететіні болжанды.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*