Суббота, 19 Август 2017
-->

Күн тәртібінде – қоғамдық тәртіп

 

????????????????????????????????????

Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясында қала өмірінің маңызды салаларына қатысты мәселелер қаралып, оның оң шешімдері депутаттар қолдауына ие болды. Сессияның күн тәртібіндегі елордадағы құқықтық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары барысын депутаттар үнемі назарда ұстап келеді.

Астаналық Ішкі істер де­партаменті жеке құрамының 42 пайызы ғана қызметке қолайлы орын-жаймен қам­тамасыз етілгенінен халық қалаулылары бейхабар емес. Сессия алдында олар құқық қорғау органдарының жұмы­сымен танысып, барлық жайтты өз көздерімен көріп келген болатын. Депутаттар тәртіп сақшыларының кеңселері талапқа сай келмейді деген тоқ­тамға келген-ді. Мысалы, Сарыарқа аудандық ІІД 1968-1969 жылдары салынған ғи­маратта орналасқан. Одан бөлек, осы қызметке бөлінген 1906, 1946 және 1976 жылғы көне үйлердің апатты жағдайы жұмысты үйлестіруде біршама қолайсыздық туындатып отыр­ғаны да рас. Ал, Есіл ауданының ІІД жалға алынған екі коттеджде орналасқан себепті, жыл сайын бірнеше миллиондаған қаражат осыған бөлініп отыр.
Астана қаласы ішкі істер Департаментінің бастығы Амантай Әубәкіров елорда да қоғамдық қауіпсіздік пен құ­қықтық тәр­тіпті қорғау барысын­дағы атқарылған жұмыс­тар­дың нәти­желеріне талдау жасады.
Депутаттардың қалалық по­лицейлердің қырағылығын еселейтін ЭКСПО-2017 халық­аралық көрмесі өтетін кезеңге қандай дайындықпен келіп отыр деген сұрақтарына да толымды жауап алынды. Осы күнге дейін күнделікті жұмыс­тарынан бөлек, тәртіп сақ­шы­лары ағылшын тілінде ауыз­екі сөйлесуді үйренсе, арасында алғашқы дәрігерлік көмек көр­сету бойынша да білімдерін арттыру үстінде екен.
Сессияда қалалық мүгедек­тер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері туралы қаралып, мақұлданды. Осыған сәйкес, шығындарды өтеу өтініш біл­дірген айдан бастап «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі жанын­дағы ведомствоаралық пси­хо­логиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін ұсы­нылатын болады.
Сонымен бірге, осы жиында мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі тыңдалды. Комиссия төрағасы Мәжит Шайдаров халықты әлеуметтік қорғау, білім беру, жастар саясаты, саламатты өмір салтын қалыптастыру, мәдени мұраларды сақтау бойынша жұмыстарды тиімді жүргізудегі депутаттар тарапынан жасалған нақты қадамдарға тоқталды. Күн тәртібіне енгізілген мем­лекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін және онда
ор­наласқан жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу туралы шарттардың жобалары мақұлданды.

Айгүл УАЙСОВА

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*