-->

КҮН РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ

Табиғат тосын мінез танытып, қазан басында қатал қыстан хат келді. Қараша айының қара суығын сезгенде барып қам-қарекетке көшетін қараша халық күннің күрт суытып, қардың әдеттегіден ерте түсуін күтпеген-ді. «Қазгидромет» РМК синоптиктері әзірлеген алдағы аптаның, яғни 7-13 қазан күндерінің Астана қаласы бойынша күн райы болжамын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

7 қазан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан жел 2-7 м/с жылдамдықпен оңтүстік-шығысқа ауысады. Ауа температурасы түнде -4, -6 °С, күндіз +4, +6 °С болады. Жексенбі, 8 қазанда да күн жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты болады. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 2,4 °С 0-ден төмен болса, күндіз 6, 8 °С градус 0-ден жоғары болмақ. Апта басы дүйсенбі, 9 қазанда да көшпелі бұлт тұрып, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан аздаған жел соғып, түнде 0, -2 °С болса, күндіз 11, 13 °С градусқа жылынады. Сейсенбі күні де көшпелі бұлт болады, жауын-шашын жаумайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші – 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -2 + 3 °С, күндіз +10 + 15 °С градусқа жоғарылайды. Ал 11-13 қазан күндері жауын-шашын болмай, көшпелі бұлт тұрады. Оңтүстік-шығыстан аздаған жел соғып, ауа температурасы түнде -2 + 3 °С, күндіз + 13 + 18 °С градусқа дейін жылынады.
Дегенмен Астананың күн райы құбылмалы. Сондықтан абзалы қысқа ерте қамданып, жылы киініп жүргеніңіз артықтық етпес. Күн райының қас-қағым сәтте-ақ өзгеретінін қаперлеріңізден шығармағайсыздар, ағайын!

Нұрдәулет КӘКІШЕВ

Жауап қалдыру

Сіздің email-адресіңіз жарияланбайды.Қажетті өрістер таңбаланған *

*