КҮЙШІНІҢ КҮЙ МҰРАСЫ

Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының «Сарыарқа» халық музыкасы ансамблі өзінің ХХ концерттік маусымын Алтай-Тарбағатай күй мектебінің жарқын өкілі Бейсенбі Дөненбайұлының шығармашылығына арналған «Әділ би, тарлан күйші» кешімен ашты.

Бейсенбі Дөненбайұлы (1799–1872) Қытайдың Алтай аймағында Буыршын ауылында дүниеге келген. Ол өз заманында сол өлкедегі ең танымал төрт билерінің бірі болып, халық арасында әділ би, дәулес­кер домбырашы және сазгер ретінде аталды.

Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Ержан Тоқсабановтың айтуынша, Бейсенбі Дөненбайұлының 150-ге жуық күйі бар. Ұжым әртістеріне оның мұрасын көрерменге жеткізу үшін біраз еңбектенуге тура келді. Осылайша, кешке жиналған қауым тек домбырада ғана емес, сонымен қатар сыбызғы, сазсырнай, адырна, жетіген, нарқобыз және т.б осы сияқты аспаптарда да орындалған күйлерге құлақ құрышын қандырды.

Байжігіттің «Көксерке» күйімен ашылған концертте Бейсенбі Дөненбайұлының «Теңселме», «Кеңес басы», «Жеке батыр», «Кербұлан» сынды жиырмаға жуық күйі орындалды. Бұл шығармаларды «Сарыарқа» ансамблімен қатар жас күйші Ақжусан Иманғазы шалқытты.

Арасында филармонияның «Халық әні» бөлімінің әншілері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлзира Бөкейхан және халықаралық байқаулардың лауреаттары Данияр Мұқан, Әйгерім Нартуеева, Жақсыгелді Маясаров, Күнсұлу Тұрлыбекова халық әндерін шырқап, көрермендердің сусынын қандырды. Күйшінің өмірінен театрландырылған қойылым көрсетілді.

Сонымен қатар, кешке Мәдениет қайраткері Абдрасул Есекеев жетекшілік ететін «Шалқыма» халық биі ансамблі, өнер ұжымының эстрадалық би ансамблі қатысты.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Сонымен қатар

Отбасы – тәрбие бастауы

Адам үшін ең жақын әлеуметтік орта – отбасы. Отбасы – ізгі дәстүрдің, өнегелі мұралардың, салт-дәстүрлердің …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған