Четверг, 17 Август 2017
-->

КУБОК ЖЕҢІМПАЗЫ – ҚАЗАҚСТАН

Астанада бокстан Қазақстан Президентінің Кубогы үшін өткен V халықаралық турнир мәресіне жетті. Былғары қолғап шеберлерінің байрақты бәсекесінде Қазақстан боксшылары жеңімпаз атанды.

«Дәулет» спорт кешенінде 10 елден келген 113 боксшы жекпе-жекке шықты. Жанкүйер қауым он салмақ дәрежесіндегі ерлер бәсекесін, сондай-ақ, үш салмақ бойынша әйелдер жекпе-жектерін тамашалады. Бес күн бойы бокс сүйер қауымның делебесін қоздырған турнир барысында Олимпиада ойындары жүлдегерлерінің, әлем чемпиондары мен құрлық біріншіліктері жеңімпаздарының өнеріне көз жеткіздік.

Атап айтқанда, әйелдер сайысында сынға түскен арулардың қатарында әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай ( 51 кг), Рио олимпиадасының жүлдегері Дариға Шәкімова (75 кг), сондай-ақ Ресей, Украина, Өзбекстан, Моңғолия және басқа елдердің чемпиондары болды. Ерлер арасындағы бәсекелерде де атақты боксшылар аз болған жоқ. Мәселен, Олимпиа­да ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит пен Азия ойындарының жеңімпазы Ілияс Сүлейменов өз салмақтарында топ жарса, басқа да ұлттық құрама мүшелері шынайы шеберліктерін көрсете білді.

Сонымен биыл бесінші рет ұйымдас­тырылған халықаралық турнирде Қазақстан боксшылары командалық есепте бірінші орыннан көрінді. Жүлделер сарапқа салынған 13 салмақ дәрежесінде тек бір ғана шетелдік боксшы турнир чемпионы атағына қол жеткізді. Ол ақтық сында астаналық Асхат Жүсіповті жеңген филиппиндік Карло Палаам болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы жеңімпаздарына алтын медаль, диплом және 2000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы берілді. Күміс жүлдегерлер 1000 доллар, ал қола жүлдегерлер 500 доллар сыйақы алды.

Президент Кубогы V халықаралық турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Әйелдер
51 келі

imgs6516-11. Назым Қызайбай (Қазақстан)
2. Жайна Шекербекова (Қазақстан)
3. Татьяна Коб (Украина), Светлана Солуянова (Россия)
60 келі
1. Карина Ибрагимова (Қазақстан)
2. Римма Волосенко (Қазақстан)
3. Петекио Нестхи (Флилиппин), Людмила Орлова (Ресей)
75 келі

52885e2015a0f7c85f9a83ee7268fd63
1. Дариға Шәкімова (Қазақстан)
2. Дарима Сандакова (Ресей)
3. Ловлина Баргохаин (Үндістан), Фариза Шолтай (Қазақстан)

Ерлер
49 келі
1. Карло Палаам (Филиппин)
2. Асхат Жүсупов (Қазақстан)
3. Шалқар Айқынбай (Өзбекстан), Мирлан Түркбайұлы (Қырғызстан)
52 келі
1. Азат Махметов (Қазақстан)
2. Олжас Байниязов (Қазақстан)
3. Жәнібек Мұсаев (Қырғызстан), Аброр Қодиров (Өзбекстан)
56 келі
1. Ілияс Сүлейменов (Қазақстан)
2. Фернандез Марио (Филиппин)
3. Жанболат Тілегенұлы (Қазақстан), Жанболат Қадырбаев (Қазақстан)
60 келі
1. Сұлтан Зауырбек (Қазақстан)
2. Әділет Құрметов (Қазақстан)
3.Серік Теміржанов (Қазақстан), Сулаймон Латипов (Өзбекстан)
64 келі
1. Бақдәулет Ибрагимов (Қазақстан)
2. Қуан Қуатов (Қазақстан)
3. Гакбаатар Баярхуу (Моңғолия), Асқар Ерубек (Қазақстан)
69 келі
1. Садриддин Ахмедов (Қазақстан)
2. Бобоусман Батуров (Өзбекстан)
3. Әділет Батыралиев (Қырғызстан), Бекзод Халметов (Қазақстан)
75 келі
1. Әбілхан Аманқұл (Қазақстан)
2. Сапарбай Айдаров (Қазақстан)
3. Ли Донг Юн (Оңтүстік Корея), Манат Өмірзақов (Қазақстан)
81 келі
1. Бек Нұрмағанбет (Қазақстан)
2. Янг Хег Юн (Оңтүстік Қазақстан)
3. Нұрдаулет Жарманов (Қазақстан), Еркін Әділбекұлы (Қырғызстан)
91 келі

photo_192573
1. Василий Левит (Қазақстан)
2. Чаухан Гаурав (Үндістан)
3. Азизи Мохаммад (Иран), Әділет Орынбасаров (Қазақстан)
+91 келі
1. Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан)
2. Нұрлан Сапарбай (Қазақстан)
3. Нұрболат Сермаханов (Қазақстан), Рустамжон Исмаилов (Өзбекстан).

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ 

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*