Четверг, 29 Июнь 2017
-->

КУБОК КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

Астанада үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылған «Бәрі де ән шырқайды!» атты караокеден ашық чемпионаттың бірінші іріктеу кезеңі аяқталды. Алғашқы кезеңде үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар бас жүлде – қала әкімінің кубогына бір табан жақындады.    

_mg_6244-kopirovat           

Биылғы чемпионатқа барлығы 75 адам қатысып жатыр. Жас айырмашылығына қарай үш топқа бөлінген олар вокал және хореография бойынша дайындықтан өтіп, алғашқы кезеңде ретроәндерді шырқады.

Қазылар алқасының құрамына «Жастар» сарайының директоры Сергей Солодовников, «X Factor» жобасының финалисі Владимир Лигай, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының жеке орындау­шысы Татьяна Хасьянова кірді.

_mg_6261-kopirovat

Алғашқы кезеңде Ерлан Аханов, Әлібек Ілиясов, Әсел Төлебаева, Нарғыз Құдыренова, Ақния Жеңіс, Жамал Жиентаева, Қайрат Жақсыгелдинов, Саят Ерсайынов, Асқар Жүсіпов, Айнұр Ғафурова, Шәкизада Қарапиден, Әйгерім Тоқшаева, Әйгерім Муашева, Зинаида Крикунова, Мәдина Малсақова, Нұргүл Утинова сынды қатысушылар өнерімен дараланды.

_mg_6234-kopirovat

Ұйымдастырушылар бұл кезеңге қатысқандардың барлығына да келесі екі кезеңде өнер көрсетуге мүмкіндік берді. Ал финалға неғұрлым көбірек балл жинаған қатысушылар өтеді. Екінші кезең 24 маусымда өтеді. Жартылай финал мен финал 5-6 шілде күндері ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталады.

АМАНҒАЛИ ҚАЛЖАНОВ

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*