«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Көшелер сусабынмен жуылады

0 20

Елорда көшелерін тазалауда жаңа әдіс қолданыла бастады. Бұл туралы қала әкімі Бақыт Сұлтанов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

«9 сәуірден бастап елорданың жол тазалауда жаңа әдісті қолдана бастадық. Коммуналдық қызметтер алғаш рет қала жолдарын арнайы жуғыш құрал – сусабынмен жуа бастады. Оны қолдану асфальтті көктайғаққа қарсы материалдардың қалдықтарынан, ескірген қақпақтардан, мұнай қалдықтарынан және қысқы маусымда пайда болған май дақтарынан тазартуға ықпал етеді. Қарапайым сумен мұны тазалау мүмкін емес. Ал бізге жол белгілерін салу алдында көшелерді мұқият жуу өте маңызды» деп жазды Бақыт Сұлтанов Facebook-тегі парақшасында.
Коммуналдық қызметтердің сусабынды пайдалануы жол сапасын және жүргізушілердің қауіпсіздігін жақсартуға септігін тигізеді. Жуғыш зат ешқандай зиянды заттарды бөлмейді, қоршаған ортаға да зияны жоқ. «Алдағы уақытта коммуналдық қызметтер орындайтын көптеген жұмыс бар. Қажеттілік туындаған жағдайда, көшелер күн сайын тазартылатын болады» деді әкім.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды