«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Көше саудасына кең өріс

0 17

Елордада «Көше саудасы – 1000 орын» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталды. Өтінім қабылдау 30 қазанға дейін жалғасады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова бағдарлама шеңберінде 100 жер учаскесі жүзеге асырылады, оның 80-і www.gosreestr.kz сайтында және 20-ы Астана Innovations сайтында жарияланатынын мәлім етті. Бұл жер телімдерінде жылжымалы тамақтану орнын, кофехана, нан-тоқаш өнімдері, балмұздақ, жеміс-жидектер, газет-журналдар, гүл дүңгіршегі, кәдесый дүкендерін ашуға болады. «2017 жылдан бері жүргізілген конкурстар нәтижесі бойынша «Astana» ӘКК» АҚ кәсіпкерлермен 557 жер телімі бойынша субаренда келісімін жасады. Бағдарлама 1500-ден астам жұмыс орнын ашты. Жеке инвестициялардың сомасы шашамен 1,1 млрд теңгені құрады» деді М.Бектұрова.
Бағдарлама туралы Ә.Мәмбетов көшесі, 24. 6-қабат, 602-кабинет мекенжайына барып немесе 8(7172) 613554 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды