«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Көрсетілер көмек көп

0 15

Жыл басынан бері елорданың 507 мүмкіндігі шектеулі тұрғыны жұмысқа орналасты. Мүгедектерді жұмысқа орналастырудың негізгі формасы жұмыс орындарын квоталау болып табылады.

Заңға сәйкес, квота кәсіпорын жұмысшыларының жалпы санының 2-ден 4 пайызына дейін белгіленеді. Квоталаудан бөлек, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдас­тырылып тұрады. Мәселен, ағымдағы жылдың 9 айында 20 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар мен түзету мекемесінен босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар үшін де өткізілді. Жұмыссыз­дықтан әлеуметтік қорғау шеңберінде 30-дан аса адам электр дәнекерлеу, видеографика, анимация және басқа мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстан өтті. Елорданың мүмкіндігі шектеулі екі тұрғыны өз бизнес идеясын жүзеге асыруға 100 АЕК көлемінде (252 500 теңге) грантқа ие болды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды