«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Корей таяқшаларының көрмесі

0 18

Елбасы кітапханасында ас ішуге арналған корей таяқшаларының «K-Chopsticks: Connection» көрмесі ашылды. Бұл мәдени шара Қазақстан мен Корей Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестіктің 10 жылдығына арналды.

Көрменің ашылуында Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов екі ел арасындағы байланысқа қысқаша тоқталып өтті.
Ал Қазақстандағы Корей Республикасының елшісі Ким Дэсик бұл көрменің корей халқының дәстүрлері мен өмірлік көзқарастарымен таныстыруды көздейтінін айтты. «Бұл құралдар Кореяның ғана емес, жалпы, Шығыс Азия елдері мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналған» деді ол.
Көрмеге Чончжу қаласында тұратын 46 қолданбалы өнер шеберлері дайындаған 400-ге жуық жұмыс ұсынылды. Бұл туындылар бұған дейін Бангкок және Сидней қаласында өткен көрмеге қойылған.
Шын мәнінде, көрмеге келушілер корей тамақтану мәдениетімен, сондай-ақ әрқайсысы өнер туындысы саналатын асхана аспаптарының бірегей топтамасымен танысты. Экспозицияда шебер Ким Сонхоның сырланған асхана аспаптары, Ли Чонгуктың Пунди бұрышты ағашынан жасалған таяқшалары, Ли Сордың асхана аспаптарына арналған тысқаптары және Пак Сангтэнің «Юги» дәстүрлі корей қоласынан жасалған асхана аспаптары асқан шеберлікпен жасалған. Сонымен бірге Чончжу қаласының тарихынан сыр шертетін өнер бұйымдары да жұртшылықты жылы әсерге бөледі.
Айта кетейік, бұл көрме 11 тамызға дейін жалғасады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды