«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Көпбалалы отбасылардың әлеуметтік картасы

0 19

Елорда басшысы Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен қалалық әкімдіктің кезекті отырысы өтті. Онда елорданың тыныс-тіршілігі мәселелері талқыланды. Жиналыстың күн тәртібіндегі бірінші мәселе – «Көпбалалы отбасылар базасын құру» туралы болды.

Бүгінгі таңда әлеуметтік картаның дерек базасында 10754 көпбалалы отбасы туралы мәлімет бар. Олардың 85 пайызы – төрт бала тәрбиеленіп жатқан отбасылар, 15 пайызы бес және одан да көп баласы бар отбасылар екен.
«Мектеп қызметкерлері көпбалалы отбасылардың тізімін жаңартуда. Деректерді қалпына келтіру және жүйені толтыру жұмысы қауырт жүргізілуде. Үйдің жағдайы туралы мәлімет жинауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша іске қосылды. Ол үйдің бейнесін және оның орналасқан жерін көрсетеді. Астаналық емханалардың мамандары оқытылды. Қазір учаскелік дәрігерлер базаны толтыруда. Мектептерде көпбалалы отбасылардың балалары арнайы бақылауға алынды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады» деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары ­М. Бектұрова.
Сонымен қатар жиналыста балабақшаға кезекте тұрған балалардың мәселесі, су тасқының алдын алу және оған қарсы тұру шаралары, санитарлық тазалау, жарықтандыру, құдықтарды жабу, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары талқыланды. Құрылысы тоқтап қалған құрылыс алаңдарының мәселесі де қаралды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды