«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Көпбалалы отбасыларды қолдау күшейді

0 15

Кеше Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шараларын күшейту ұсынылды. Ол үшін мәслихаттың бұрынғы кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу керек. Бұл ұсыныстармен Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина таныстырды.

Оның айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы аналарға тістерін протездеу мен тістерін емдетуге жәрдем беру шешілді. «Бұрыннан бұл көмекті Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектері, мүмкіндігі шектеулі жандар мен зейнеткерлер алады. Енді бұл санатқа көпбалалы аналар да қосылады. Оларды жылыту маусымы кезінде қатты отынмен қамтамасыз етуді, бұл көмек түрін 8 айлық есептік көрсеткіштен 16 айлық есептік көрсеткішке өсіруді ұсынамыз» деді басқарма басшысы.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды