«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Көпбалалы отбасылар жайы назардан түспейді

0 24

Нұр-Сұлтан қаласында көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларға қандай жағдай жасалып жатыр? Бұл туралы қала әкімдігінде өткен жиында белгілі болды.

Қазіргі уақытта көмекке аса мұқтаж отбасылардың деректер базасы құрылып, нақты қажеттіліктер мен проблемалар анықталды.
Әрбір отбасын қолдау жө­ніндегі жеке шаралар жоспары әзірленді. Сол сияқ­ты тұрғын үй кезегінде халықтың әлеуметтік жа­ғынан осал топтарына жататын азаматтар, соның ішінде көпбалалы аналар, аз қамтылған азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар тұр. Қосымша қаражат есебінен шамамен 1800-1900 пәтер беру жоспарланып отыр.
Қалалық әкімдік тарапынан қиындыққа тап бол­­ған әрбір отбасы «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Бизнестің жол картасы» бағдарламалары мен атаулы әлеуметтік көмек аясында қолдауға ие болып отыр, сондай-ақ азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселелері де шешілетін болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды