«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Көне көлік қалай кәдеге жаратылады?

0 22

Ресми деректерге сүйен­сек, елімізде 5 миллион­нан аса жеңіл көлік тір­келсе, соның 60 пайызы ескірген. Тіпті шығарыл­ғанына 20-30 жыл болған көліктер әлі де айналымда жүр. Олар экология­ға орасан зор зардабын тигізуде.

Экологтардың мәліметінше, ескі көліктердің кесірінен елімізде ауаға жылына шамамен 200 мың тоннадан аса улы газ таралады. Қоршаған ортаға тигізетін зиянынан бөлек, көне көліктің көптігі тас жолдағы қауіпсіздікке де жағымсыз әсер етеді. Елімізде жыл сайын орын алатын мыңдаған жол-көлік оқиғасының көбі сол тозығы жеткен көліктердің салдарынан болады деседі. Осы олқылықпен күрестің бірден-бір жолы – утилизация.
Естеріңізге салсақ, мұндай ескі көлікті утилизациялау қанатқақты жобасы Қазақстанда 2016 жылдың қарашасында жүзеге асырыла бастаса, жаңа авто алуға жеңілдік сертификатын беру бағдарламасы 2017 жылдың 26 маусымынан бастап іске қосылған болатын.
Жалпы, утилизация бағдарламасымен көлік өткізуден еліміз бойынша Шымкент қаласы көш бастап тұрса, одан кейінгі орында Алматы мен Қостанай қалалары тұр. Ал Нұр-Сұлтан қаласы 11-12 орындарға жайғасыпты.
Айта кетейік, көне көліктерді қабылдап, оның металын балқытып, шикізатқа айналдыратын «Recycling Company» зауыты Қарағандыда орналасқан. 2017 жылы іске қосылған зауыт жылына 50-55 мың көлікті утилизациялауға қау­қарлы.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды