«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Командалар мен ойыншылар

Мундиаль - 2018

0 32

Маусымның 4-і күні, чемпионаттың басталуына тура 10 күн қалғанда, оған қатысатын 32 команда өз құрамдары жөнінде ресми өтінімдерін тапсырды.


* Мундиальда әр команданың сапында 23 футболшыдан бар.
* Финалдық турнирге барлығы 736 ойыншы қатысады.
* Өтінімге енген футболшылар 55 елдің чемпионаттарында ойнап жүр. Бұлардың 74 пайызы Еуропа елдерінде додаларға тартылған.
* Ойыншылардың 124-і – Англия, 81-і – Испания, 67-і – Германия, 58-і – Италия және 49-ы Франция жасақтарында ойнайды.
* Мундиальда Англияның «Манчестер Сити» командасының 16 футболшысы әртүрлі елдердің құрамалары сапында бәсекеге қосылады. Бұдан кейін Мадридтің «Реалы» (15), «Барселона» (14), «Челси», «Пари Сен-Жермен» және «Тоттенхэм» (12-ден) клубтары тұр.
* Англия құрамасы мүшелері түгел өз елінің чемпионатында өнер көрсетеді. Бұл жөніндегі бұдан кейінгі жоғары көрсеткішке Ресей (21/23) мен Сауд Арабиясы (20/23) құрамалары ие.
* Сенегал мен Швеция құрамаларында өз елдерінің чемпионаттарында жүрген бірде-бір футболшы жоқ. Ал Бельгия, Исландия, Нигерия және Швейцария терме жамағаттарында бір-бір ойыншыдан ғана бар.
* Германия құрамасы құрамында 9 әлем чемпионы алаңға шығады. Олардың тобын 2014 жылғы чемпионатта алтын медаль алған Мануэль Нойер, Маттиас Гинтер, Матс Хуммельс, Джером Боатенг, Сами Хедира, Юлиан Дракслер, Тони Кроос, Месут Озил және Томас Мюллер құрайды.
* 736 футболшының 200-і бұған дейін әлем чемпионатының финалдық турниріне қатысқан. Бұлардың 186-сы – 2014 жылы Бразилия, 61-і – 2010 жылы Оңтүстік Африка, 21-і – 2006 жылы Германия, 1-і 2002 жылы Корея/Жапония алаңдарында ойнаған.
* Мексикалық 39 жасар Рафаэль Маркес әлем чемпионаты тарихында бес мундиальға қатысқан төртінші ойыншы болғалы тұр. Бұған дейін бұл белестен мексикалық Антонио Карбахаль, неміс Лотар Маттеус және итальян Джанлуиджи Буффон асып еді.
* Чемпионатта күш сынасатын футболшылардың 53-і бұған дейін жаһандық жарыстарда гол соққан. Бұлардың арасында 10 голдың авторы атанған германиялық Томас Мюллер бірінші орында. Ал колумбиялық Хамес Родригестің еншісінде 6 гол бар, австралиялық Тим Кэхилл, аргентиналықтар Гонсало Игуаин мен Лионель Месси, уругвайлық Луис Суарес өз есептеріне 5 гол жазған.
* 45 жыл және 5 ай – египеттік Эссам әл-Хадари осынша жасқа келуімен бұл ғана емес, бүкіл әлем чемпионаттары тарихындағы ең «кәрі» футболшы болғалы тұр. Ол тек ойыншылар ғана емес, Алиу Сиссе (Сенегал), Младен Крстаич (Сербия) және Роберто Мартинес (Бельгия) секілді жаттықтырушылардан да үлкен.
* Чемпионаттағы ең жас ойыншы – Австралия құрамасының вингері Дэниэл Арзани. Ол 19-дан 5 ай ғана асқан.
* Бұған дейін Рафаэль Маркес пен аргентиналық Хавьер Маскерано әлем чемпионатының 16 матчында ойнаған. Бұлардан кейін Лионель Месси (15), Месут Озил (14), Томас Мюллер, Мануэль Нойер, испаниялық Серхио Рамос және португалиялық Криштиану Роналду (13-тен) келеді.
* Ең ұзын ойыншы – Хорватия қақпашысы Ловре Калинич. Оның бойы – 201 см.
* Панамалық Роман Торрес 99 кг салмақпен ең ауыр салмақты футболшы болып отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды