«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Колледждерде қай мамандықтарға грантпен оқуға болады?

0 66

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының мәліметінше, 2019 жылы қаладағы техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелерде күндізгі тегін оқуға 40-тан астам мамандық бойынша 4700 орынға грант бөлініп, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылды.

Мына санаттағы азаматтар колледждерде тегін оқу конкурсына қатыса алады:

• 9-11-сыныптардың түлектері;
• оқуға түспеген адамдар;
• жұмыс іздеп жүрген адамдар (Жұмыспен қамту орталығының анықтамасы болған жағдайда);
• өмірдің қиындығына түсіп қалған азаматтар мен аз қамтылған отбасылар мүшелері;
• өзге санаттағы азаматтар.

Қажетті құжаттардың тізімі:

Өтініш, білім туралы құжаттың түпнұсқасы, №086-у үлгісіндегі флюоротаспасымен бірге медициналық анықтама. I-II топ мүгедектері мен бала кезінен мүгедектікке шалдыққандар медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысын тапсыру керек. 3х4 үлгісіндегі фотосуреттер, оқуға түсетін адамның жеке басын куәландыратын құжатты ата-анасы немесе заңды өкілдері тапсыруы тиіс.

Қай мамандықтарға ең көп грант бөлінді?

Ең көп орын «Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтылым» мамандығына бөлінді – 200 орын.
Одан кейін «Тамақтандыруды ұйымдастыру» – 150 орын;
«Дәнекерлеу ісі» және «Лифт шаруашылығы мен эскалаторлар» – 100 орыннан;
«Электрмен қамтамасыз ету, пайдалану, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу» – 75;
«Тігін өндірісі, киім үлгілерін жасау», «Наубайхана, макарон мен кондитер өндірісі», «Маркетинг», «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу» – 50 орыннан;
«Газбен қамтамасыз ету қондырғылары мен жүйелерін монтаждау, газды пайдалану», «Ет пен ет өнімдерін өндіру», «Шаштараз өнері мен декоративті косметика», «Жону (токарлік) іс пен металды өңдеу» – 25 орыннан бөлінді.
Барлық сұрақтар бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының 55-68-68, 55-68-66, 55-74-36 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.

2019 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы бо­йынша орналастырылған мамандықтар тізімі:

• Қонақ үй шаруашылықтарының қызметін ұйымдастыру.
• Аударма ісі (түрлер бойынша).
• Туризм (салалар бойынша).
• Дизайн (бағдар бойынша).
• Тамақтандыруды ұйымдастыру.
• Ғимараттар мен құрылыстарды салу (су құбыры желілерінің сметасын жасаушы).
• Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларын, желдету және инженерлік жүйелерді (түрлер бойынша) монтаждау мен пайдалану.
• Интерьер дизайны, азаматтық ғимараттарды қалпына келтіру, қайтадан салу.
• Темір жол құрылысы, жол мен жол шаруашылығы.
• Тігін өндірісі, киім үлгілерін жасау.
• Наубайхана, макарон мен кондитер өндірісі.
• Тамақтандыру кәсіпорындары өнімдерін өндіру технологиясы мен жұмысын ұйым­дастыру.
• Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының жабдықтары.
• Медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу.
• Жол қозғалысын ұйымдастыру.
• Шаштараз өнері мен декоративті косметика.
• Емдеу ісі.
• Медбикелік іс.
• Бастауыш білім.
• Мектепалды білім мен оқыту.
• Дене шынықтыру мен спорт.
• Негізгі орта білім.
• Музыкалық білім.
• Маркетинг.
• Көтергіш-көліктік, құрылыс, жол салу машиналары мен қондырғыларын техникалық пайдалану (салалар бойынша).
• Көлікпен тасымалдауды және көлік қозғалысын басқаруды ұйымдастыру.
• Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу.
• Жол құрылысы машиналарын техникалық пайдалану.
• Дәнекерлеу ісі (түрлер бойынша).
• Лифт шаруашылығы мен эскалаторлар (түрлер бойынша).
• Жону (токарлік) іс пен металды өңдеу (түрлер бойынша).
• Орман шаруашылығы, бау-бақша, саябақ пен ландшафтық құрылыс.
• Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтылым (түрлер бойынша): бағдарламашы, BIM-менеджер-жобалаушы.
• Ақпараттық жүйелер (қолдану салалары бойынша), компьютер жүйелерін әзірлеу­ші мен сарапшы.
• Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша).
• Энергиялық менеджмент.
• Радиоэлектроника мен байланыс (түрлер бойынша).
• Автоматтандырылған байланыс жүйелерін пайдалану.
• Электр стансалары мен желілерінің жабдықтары.
• Электрмен қамтамасыз ету, теміржолдарға техникалық қызмет көрсету мен оның электротехникалық жүйелерін жөндеу, оны пайдалану.
• Жиһаз өндірісі (түрлер бойынша).
• Газбен қамтамасыз ету қондырғылары мен жүйелерін монтаждау, газды пайдалану.
• Ет пен ет өнімдерін өндіру.
• Логистика (салалар бойынша).

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды