-->

Көкейдегі мәселе – қоғамдық көлік

Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбековтің кезекті есеп беру кездесуі «Жастар» театрында Гёте, Ы.Алтынсарин, Г.Потанин, А.Затаевич, М.Тынышбаев және Біржан сал көшелерінің тұрғындарымен өткізілді. Жиынға Астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин қатысты.

Жиналғандардың дені зей­нет жасындағы адамдар болды. Әкімнің баяндамасынан кейін алғашқы сұрақты елорда тұрғыны Қазбек Шәм­ше­динов қойды:

– Алдыңғы жылдың 21 мамырында Құтпанов көшесі бойындағы үйім апатты болып танылып, сүрілген еді. Сол себепті, 29 мамыр күні Шыңғыс Айтматов көшесі 29 А үй мекенжайдан берілді. Бірақ осы уақытқа дейін үйдің құ­жаттарын өзіме аудара ал­май келемін дейді ол. Қала тұр­ғыны 27 қыркүйек күні Тұр­ғын үй басқармасына керекті қа­ғаз­дарды да тапсырған екен. Алай­да, әлі күнге дейін жауап жоқ.
Тұрғынның сауалына жауап берген Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Лукин тиісті құзырлы органдарға аталған мәселені бір аптаның ішінде шешіп, құжаттарды рәсімдеуді тапсырды.
Осы аумақтағы тұрғындарды толғандыратын тағы бір түйт­кіл автобустардың қатынауы екен. Олардың бұл мәселені қау­зағанына жарты жыл болыпты. Оң жағалаудан сол жағалауға тікелей №17 автобус қана жүреді. «Жағалау» маңайына баратын жолаушылар көлігінің қашан көбейетіні де белгісіз. Ол ол ма, мұндағы «5 минут» аял­дамасының аты ғана бар, жарық та, басқа да жүр­гізіл­ме­ген. Бұл мәселе де жақын арада шешімін таппақ.
Аудан әкімімен кездесу барысында көкейдегі сауалдарын қойғысы келген тұрғындардың қарасы көп болды. Әкім орынбасары айтылған мәселелердің ешқайсысы әкімдіктің назарынан тыс қалмайтынын, тиісті шешімдер қабылданатынын жеткізді.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*