«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Көгілдір отын алдымен Көкталға келеді

0 16

Елорда әкімі Алтай Көлгінов газ тарату желілерінің құрылыс барысымен танысты.

Нұр-Сұлтан қаласын газдандыру үш кезеңнен тұрады. Қазіргі таңда бірінші кезегі бойынша құбырларды тарту мен газреттегіш пункттерінің дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаның бірінші кезегінде газреттегіш желілерінде ЖЭО-1,2,3, «Көктал-1,2» т/а, Агрогородок, Железнодорожный кенті, Оңтүстік-Шығысқа дейін газ беруді жоспарлап отыр. Үйлердің саны 13,5 мыңды құрайды. Келесі кезең бойынша Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар (1-2 ПК), Тельман (3-ші ПК), Пригородный, Garden Village және Family Village-ге (4-ші ПК) газ жүргізіледі. Үшінші кезекте Ильинка (1-2-ші ПК), Шұбар (3- ПК), Өндіріс (4-ші ПК) тұрғын алаптары газдандырылатын болады. Газ жүргізу – қалаға зиянды қалдықтардың шығарылуын 6 есеге, қатты заттектерді 40 мың тоннаға азайтады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды