«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Классикалық музыка фестивалі

0 11

«Астана Опера» театрында «Astana Piano Passion 2019» V халықаралық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды.


Бір аптаға созылған фестиваль классикалық музыкаға ынтық көрермендердің құрышын қандырды. Биылғы байқауға әр елдің бәйгеге үкілеп қосқан отызға жуық жас таланттары қатысып, жоғары дәрежеде өнер көрсетті. Оларға қазылық жасаған азаматтар да әлем мойындаған өнер майталмандары болды. Сайыстың барлық кезеңі онлайн түрінде көрсетілді. Фестивальға қатысушылар үш топ бойынша, яғни 18 жасқа дейінгі аралықта бақ сынады. Сонымен 10 жасқа дейінгі кіші топта – тайваньдық жас өрен Шан-эн Пайдың бағы жанды. Екінші топ 11 мен 14 жас аралығында өнер көрсеткендер арасында АҚШ-тан келген 14 жастағы пианист Адриан Ромофф пен ресейлік 12 жастағы Пётр Акулов жеңімпаз атанды. Жоғарғы топ бойынша, яғни 15-18 жас аралығында бірінші орын ешкімге берілген жоқ. Екінші орынды 15 жастағы қытайлық Синчена Уана мен ресейдік Даниила Немова жеңіп алды. Үшінші орынды жерлесіміз Әлия Асанова ресейлік Дарья Подорожновамен бөлісті. Жеңімпаздардың бәрі бағалы сыйлықтармен марапатталды. Фестиваль соңы гала-концертке ұласты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды