«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Кітаптарымды оқығаннан кейін мені сағынатын боласыңдар

0 21

 

Ханбибі ЕСЕНҚАРАҚЫЗЫ, ақын, «Алаш» сыйлығының иегері

Таяуда Жазушылар одағы Астана қалалық филиалы ұйымдас­тыруымен Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, С.Есенин атындағы Ресей Жазушылар одағының алтын медаль және «Парасат» орденінің иегері Ханбибі Есенқарақызының 10 томдығының таныстырылымы өтті.
«Фолиант» баспасынан жарық көрген 10 томдыққа ақынның әр жылдары жазған жырлары мен тарихи-зерттеу мақалалары, жеке мұрағатындағы суреттері топтас­тырылған.
Шараға белгілі сатирик Көпен Әмірбек, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы, белгілі ақын, «Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасары Қазыбек Иса, тағы басқа тұлғалар, ақынның замандастары қатысты.
Ақын Дәулеткерей Кәпұлы кешті еркін форматта жүргізді.
Жиын барысында зиялы қауым өкілдері ақынның шығармашылығы жайлы өз пікірлерін айтып, лебіз білдірсе, студент жастар ақын шығармашылығынан өлеңдер оқыды. Сонымен қатар кеш иесінің сөзіне жазылған әндер орындалды.
Университет ректорының атынан құттықтаған академик Дихан Қамзабекұлы ақын апамыз­дың кеудесіне «Күлтегін» медалін тағып, құрмет көрсетті. Жиын соңында ақын университет кітап­ханасына өзінің он томдығын сыйлады. Сөйтіп тұрып, қарсы алдында өзінен көз алмай отырған жастарға қарап:
– Бәріңнің де мына кітаптарды ашып, оқып көргілерің келетінін сезіп отырмын. Бірақ менің кітапханаларыңа он томдықтың біреуін ғана сыйлауға мүмкіндігім бар. Әрине, мұндай үлкен оқу орны үшін бір кітап деген аздық етеді. Кезекпен, ауысып оқырсыңдар. Сол кітаптардың ішіндегі дүниелерді оқып шыққаннан кейін мені сағынатын боласыңдар, – деді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды