«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Кітап айырбастап алыңыз!

0 17

Елордада буккроссинг орындары ашылды. Енді сіз бұрын оқыған кітабыңызды сонда апарып, сөреден өзіңіз оқымаған басқа кітапты тегін алуыңызға болады.

Буккроссинг аймақтары адамдар көп жүретін ойын-сауық орталықтарында, жоғары оқу орындары мен қоғамдық жерлерде орнатылады. Кітап алмастыратын әр алаңға отандық және шетелдік классик авторлардың есімі беріледі.
– «Буккроссинг» ұғымы – әлемдік тренд. Әсіресе Еуропа елдеріне барсаңыз, қоғамдық орындарда, автобус-метроларда буккроссинг алаңын көптеп кездестіресіз. Кітаптар елден елге, қаладан қалаға саяхат жасайды. Сондай мүмкіндік енді астаналықтарда да бар. Бір өтініш, оқырмандардан оқуға алған кітаптарын, оқып болған соң орнына қайта әкеліп қоюын сұраймыз, – дейді жобаны ұйымдастырушылардың бірі, Social Development Center қоғамдық бірлестігінің қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Бейбіт Тұрабаев.
Оның айтуынша, жақында bookcrossing_kz Instagram парақшасында «10 апта – 10 кітап» челленджі басталыпты. Оның шартына сәйкес, оқырмандар өздеріне ұсынылған 10 кітапты 10 аптада оқып бітуі тиіс. Содан соң парақшада әлгі кітаптардың мазмұны бойынша сауалнама жүргізіледі. Сынақтан өткендерге 10 мың теңге сыйақы тағайындалған. Ал басты жеңімпазға Еуропаға саяхаттау мүмкіндігі беріледі.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды