«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Киберспорт ойындары

0 25

Нұр-Сұлтан қаласында киберспорттан республикалық іріктеу турнирі өтті. Жарыста Бүкіләлемдік ойындарға қатысатын спортшылар белгілі болды. Тартысты да қызықты бәсекені Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов тамашалап, елімізде енді-енді қанат жайып келе жатқан киберспорттың маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Осыған дейін бір ай бойы аймақтық турнирлерде үздік шыққандар республикалық турнирде Counter-Strike: GlobalOffensive, Dota 2, StarCraft II және ProEvolutionSoccer 2020 жарыстары бойынша сынға түсті.
Қазақстан бойынша ең танымал киберспорт түрі CS:GO жарысында Syman Gaming командасы Winstrike командасын 2:0 есебімен ұтты. Жеңімпаз команданың сапында Санжар Исхаков, Рамазан Башизов, Аман Сейтқалиев, Давид Даниелян және Илья Залуцкий өнер көрсетті.
Ал Dota 2 жарысында Ернар Оразбаев, Дулат ­Сейдимомын, Вадим Мусорин, Артем Гурьев және Арман ­Ораз­баев сынды спортшылардан құралған DropDead командасы шешуші ойында Khan командасын 2:1 есебімен жеңді.
Starcrafte сайысында ­Антон Рудь, PES жарысында Абылайхан Ахметов жеңіске жетті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды