«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Кері байланыстың көмегі

0 38

Жергілікті атқарушы органдар жұмысының басты басымдығы – тұрғындармен арадағы диалог пен басқарудың жаңа құрал­дарына негізделіп құрылған ашық жұмыс. Бұл туралы Астана әкімі Бақыт Сұлтанов БАҚ өкілдерімен өткен кездесу барысында мәлім етті.

Бүгінгі таңда қаланы басқару толықтай цифрлық технологиялар мен көлемді мәліметтерді талдау арқылы жүзеге асырылады. «Стратегиялық KPIs, елорданы дамыту жобалары, азаматтардың өтінімдерін өңдеу, қаланың жүйелі проблемалары – осының бәрі бүгін цифрлық форматта әрі нақты уақыт режимінде жұмыс істеп тұр» деді Бақыт Сұлтанов. Бұл жобалардың сәтті жүзеге асырылуының арқасында қала әкімі жағдайды белгілі бір көрсеткіштер бойынша өзі талдай алады. Сонымен қатар, Сұлтанов қала тұрғындарымен орнатылған кері байланыс жүйелі проблемалық сұрақтардың рейтингін қалыптастырып, өз кезегінде қала тір­шілігіне қатысты дұрыс шешімдерді қа­былдауға көмектесетіндігін алға тартты. «Тұрғындармен орнатылған кері бай­ланыс бізге барлық мәселе туралы хабардар болып, өз жұмысымызды олар­дың мүдделерін есепке ала отырып жос­парлауға мүмкіндік береді» деді әкім.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды