«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Керемет аттракцион салынады

0 18

Елорда әкімі А.Көлгінов, «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС директоры С.Айтекенов және Kraftwerk өкілі К.Мёрфи еліміздің және елорданың көрікті жерлері бойынша виртуалды саяхат құру туралы жобаны іске асыруды талқылады.

Бұл жоба бойынша бас қалада салынатын «Елорданың биігінен самғап ұшу» аттракционы арқылы қала тұрғындары мен қонақтары виртуалды ұшу арқылы елорданың және еліміздің әдемі табиғаты мен көрікті жерлерін биіктен қарап, тамашалай алатын болады. Аталған саяхатты жасау барысында арнайы жел, судың сылдыры, иіс, құстың ұшқаны және де осы тектес әсер қалдыратын аэрофото-түсірілімдер, әртүрлі климаттық және дыбыстық арнайы әсер беретін көріністер қолданылатын болады. Kraftwerk – инновациялық аудиовизуалды жүйе бойынша әлемдегі көшбасшы компания. Тараптар арасындағы келісім жобаны іске асыру жұмыстарын бастауға мүмкіндік береді, яғни жоспарланған мерзім алдағы жыл болып отыр.
Атап айтар болсақ, осындай ­аттракциондар әлемде кеңінен қолданылады. Мәселен, Мәскеу (Зарядье саябағы), Чанша, Қытай (Beautiful Hunan), Рутс, Германия, (Europa-Park Voletarium: Flying Theater Attraction), Дубай Bollywood Parks (Krrish Hero’s Flight) және басқа қалаларда осындай аттракциондар бар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды